2026 жылғы 8 сәуір күні сағат 22:55-те Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шамамен 117 шақырым солтүстік-батыста орналасқан. Күрті ауылында сілкініс 2 балл деңгейіне дейін сезілген.
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді