• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 12:53

LRT желісінде 15 пойыз қатынайды

20 рет
көрсетілді

Астана қаласы әкімдігі жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құраммен кешенді сынақ жасауға көшкенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сынақтар машинистсіз толық автоматты түрдегі GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденіп жатыр. Сонымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.

Автоматты жүйе және 187 бағдаршам: LRT қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілген. Желіде 15 пойыз қатынайды. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған.

LRT-да жол ақысы 200 теңге болуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар