• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 12:04

«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ

30 рет
көрсетілді

«Qarmet» компаниясы өндірістік циклдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа нысандардың құрылысын пысықтап жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Qarmet» компаниясының басқарушы директоры Ербол Исмаилов баяндады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгінде кәсіпорынның энергетикалық инфрақұрылымы ЖЭО-2-нің және бу-ауа стансасы бар ЖЭО-ның базасында қалыптасқан. Олардың жиынтық қуаты – шамамен 400 МВт. Сонымен қатар болат өндірісінің көлемін 5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жоспарды ескерсек, электр энергиясына деген қажеттілік 630 МВт-қа дейін артады, бұл орта мерзімді перспективада ішкі генерациясының тапшылығын тудырады», деді Ербол Исмаилов.

Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды

Осыған байланысты ЖЭО-2 базасында жиынтық қуаты шамамен 300 МВт болатын екі энергия блогын салу жобасы жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өңір үшін қуат резервін құруға және Бірыңғай энергия жүйесіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

«Qarmet» Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

Сонымен қатар қолданыстағы қуат көздерін де жаңғырту қолға алынған. ЖЭО-да жаңа қазандық салу, газ құбырларын ауыстыру және түтін құбырларын жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар