• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:13

Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

20 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілер ақпарат таратудың негізгі алаңына айналған бүгінгі заманда жеделдікпен қатар жауапкершілік те арта түсті. Бас прокуратура азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырып, «цифрлық қауесеттердің» қоғамға төндіретін қатеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қадағалаушы органның мәліметінше, көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттың анықтығына көз жеткізбей, жалған немесе бұрмаланған деректерді таратып жатады. Әсіресе, «хайп» қуған жекелеген тұлғалар мұның салдарын ескере бермейді. Ал шын мәнінде, жалған ақпарат тарату – тек жеке пікір емес, қоғамға төнетін нақты қауіп факторы.

Мамандардың айтуынша, интернет кеңістігінде толық анонимділік жоқ. Кез келген әрекет «цифрлық із» қалдырады, ал заманауи технологиялар ақпараттың бастапқы көзін анықтауға мүмкіндік береді.

Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Тәжірибе көрсеткендей, заңға қайшы жарияланымдар анықталып, олардың авторлары жауапкершілікке тартылады. Сондықтан әрбір қолданушы жариялаған жазбасының салдарын алдын ала саралауы тиіс.

Құқық қорғау органдары жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертеді. Бұл әрекеттер азаматтардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін.

«Сөз бостандығы – шексіз еркіндік емес. Ол өзге адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға негіз бола алмайды», деді ведомство өкілдері.

Бас прокуратура ақпарат тексерілген деректерге негізделуі керектігін ерекше атап өтті. Болжам мен жорамалға сүйенген хабарламалар ақпараттық кеңістікті ластап, сенімсіздік тудырады.

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Құқықтық нормаларды сақтау тұрмыста да, бизнесте де, медиа саласында да қауіпсіз орта қалыптастырудың басты шарты болып отыр. Осыған байланысты қылмыстық қудалау органдары жаза қолданумен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алуға басымдық беріп келеді.

Қадағалаушы орган өкілдері цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет екенін атап өтті. Себебі ақпараттық мәдениет әрбір әлеуметтік желі қолданушысының жеке жауапкершілігінен басталады.

1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты

Соңғы жаңалықтар