• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 12:40

Заңсыз кәсіпкерлік: Трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды

20 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар күдіктіні Ресей Федерациясынан елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2023 жылы Қазақстан аумағында акцизделетін тауарларды (темекі өнімдерін) заңсыз сақтап, сәйкестендіру құралдарынсыз тасымалдаған. Бұл тауарлар кейін Ресей аумағына заңсыз жолмен шығарып сату үшін дайындалған.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекет бюджетіне түсуі тиіс акциздік түсімдерден 1 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынғандықтан, ол халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың сәуір айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша мүлкін тәркілеу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар