• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 10:59

Алтын мен ақшаны қолды қылған: Алматы облысында 9 пәтерді тонаған ұрылар ұсталды

20 рет
көрсетілді

Алматы облысында 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап пластикалық терезелерді күшпен ашу арқылы ұрлық жасаған пәтер ұрылары қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Қаскөйлер алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жәбірленушілерге жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың 9 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ 24 наурызда Алматы облысы аумағында ұсталды. Олардың 3 пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған.

Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған

Соңғы жаңалықтар