Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.
Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?