Түркістан облысының соты зорлау ісі бойынша жалған айғақ берген жәбірленуші мен адвокатты ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық соттың дерегіне сәйкес, үкім Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі (сотта көрінеу жалған айғақ беру) бойынша шығарылған.
«Бұған дейін зорлау ісі бойынша жәбірленуші негізгі сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында өзінің бастапқы шынайы көрсетулерінен бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген. Осыған байланысты арнайы прокурорлар жәбірленушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оны бұл әрекетке адвокаттың итермелегенін анықтады. Сот үкімімен адвокат пен зорлау ісі бойынша жәбірленуші кінәлі деп танылып, оларға тиісінше 5 жыл және 6,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.
Прокуратура органдары қылмыстық процесс барысында шынайы айғақ беруге шақырады. Көрінеу жалған айғақ беру заңда көзделген қатаң жауапкершілікке әкеледі.
Қарағандыда 70 жастағы әйелді өлтіру және зорлау ісі 20 жылдан кейін ашылды