Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы IV тоқсандағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша 339 912 теңгені құрағанын мәлімдеді. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы мәні 473 158 теңге болды, деп жазады Egemen.kz.
IV тоқсандағы жалақының орташа мәнінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты болып отыр.
2024 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 25,9%, жылжымайтын мүлік операциялары – 14,5%, көлік және қойма – 11,9%, өнер, ойын-сауық және демалыс – 10,8%, ақпарат және байланыс – 10,7%, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 10,3% мөлшерінде байқалды. Білім беруде орташа айлық жалақы – 5,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде – 5,6% өскен.
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IV тоқсанында айлық орташа атаулы жалақының ең көп өсуі Ақмола облысында –17,4%, Солтүстік Қазақстан облысында – 13,1%, Абай облысында – 11,7%, Алматы қаласында – 11,5% және Жетісу облысында – 11,2% байқалды.
Қостанай облысында орташа жалақы 381 мың теңгеден асты