• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 11:12

Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады

10 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу барысында Гоар Барсегян қарыз қаражаты бойынша, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қарастыратын өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін іске асыру туралы хабардар етті. Қазір ЕЭК-ке 15 жоба келіп түскен. Оның бесеуі мақұлданса, қалғаны қарастырылып жатыр. Бұл жобалардың бірін Қазақстан өзі бастап ұсынса, тағы екеуіне қатысушы ретінде қосылған.

Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтарда Ақмола облысындағы «KAZROST Engineering Ltd.» ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі қазақстандық кооперациялық жоба мақұлданды. Жоба жинақтаушы және технологиялық жабдық жеткізетін Ресей мен Беларусь кәсіпорындарымен кооперацияда астық жинайтын комбайн кабинасы өндірісін іске қосуды көздейді.

Қазақстан әлемнің 72-ден астам еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді

Жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 700-ден 1 000 бірлікке дейін ұлғайтуға, өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруға және жаңғыртуға, сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ЕЭК-тің қарауында Алматы облысында сэндвич-панель өндіру жобасы бар. Ол жұмыс істеп тұрған жоғары технологиялық зауытты жаңғыртуға арналған және материал жеткізу мен құрылыс жұмыстарын орындайтын Ресей мен Қырғызстан кәсіпорындарымен кооперацияда іске асырылып жатыр. Жоба кемінде 30 жаңа жұмыс орнын құрып, өндірістік қуатты күшейтеді.

Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты

Тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі қаржылық қолдау тетігін тарату мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық қолдауға қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізеді.

Серік Жұманғарин тері мен жүнді қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімін кеңінен өңдеу, сондай-ақ Қазақстанда импорттың жоғары үлесі бар тауарларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды басымдықпен дамыту қажеттігін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар