5 сәуір - «Мама»
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Барзу Абдураззаковтың «Мама» драмасы қойылады. Режиссері – Фархат Молдағали.
7 сәуір - «Қажымұқан»
Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында Наурызбай Асылбек пен Қазыбек Аманжолдың «Қажымұқан» драмасы сахналанады. Режиссері – Ақниет Жақсығали.
8 сәуір - «Баядерка»
«Астана Опера» сахнасында Людвиг Минкустың «Баядерка» балеті ұсынылады.
8 сәуір - Премьера!
Музыкалық жас көрермен театрында Қолғанат Мұраттың «Екі ғұмыр» драмасының премьерасы қойылады. Режиссері – Асхат Маемиров.