• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:43

АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады

20 рет
көрсетілді

АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеске қатысты енгізілген санкцияларды алып тастады. Бұл туралы ресми ведомство хабарлағанымен, шешімнің нақты себептері жария етілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Дональд Трамп әкімшілігі Каракас билігімен сындарлы диалогқа көшкенін жазып жатыр. Бұл қадам екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңге өтуі мүмкін екенін аңғартады.

Өз кезегінде Делси Родригес бұл шешімді екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам деп бағалады.

Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?

Еске салайық, Родригес биылғы қаңтардан бері Венесуэлада уақытша мемлекет басшысы қызметін атқарып келеді. Ол билікті Николас Мадуродан кейін қабылдаған. Бұған дейін саясаткер атқарушы вице-президент лауазымын иеленіп, сондай-ақ елдің мұнай өнеркәсібі министрлігін басқарған.

Трамп Венесуэлада қолданылған құпия қару туралы айтты

Сарапшылардың пікірінше, санкциялардың алынуы Вашингтон мен Каракас арасындағы экономикалық және саяси байланыстарды жандандыруға ықпал етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар