• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2015

«Құралай» халықаралық фестивалі

397 рет
көрсетілді

Астанада қуыршақ театр­ларының І халық­аралық «Құра­лай» фестивалі өтеді. 29 маусымда шымылдығы салтанатты түрде ашылатын «Құра­лай» фестивалі 2 шілдеге дейін созылады. І халықаралық «Құралай» фести­валіне Перу, Эстония, Болгария, Сер­бия, Румыния, Татарстан, Тәжікстан елде­ріндегі қуыршақ театрларының үздік өкілдері келді. Отандық қуыр­шақ театрының майталмандары да қызу дай­ындық үстінде. Құралай Ешмұ­рато­ваның мұрындық болуымен өтетін шара «Жастар» сарайында салтанатты түрде ашылады, одан әрі қойылымдар Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музы­калық драма театрының сахнасында өтеді.