Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте стипендия көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы бес жылда елде шәкіртақы жыл сайын 20–25 пайызға кезең-кезеңімен өсіп келген. Нәтижесінде оның көлемі 100 пайызға дейін артқан. 2025 жылы бұл бағдарлама аяқталды.
Министрдің айтуынша, енді Үкіметпен бірлесіп стипендияны жыл сайын арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Әсіресе докторанттардың стипендиясы айтарлықтай өскен, қазіргі таңда олар айына шамамен 254 мың теңге алады. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта да кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.
Тегін жатақхана мен шәкіртақы: Қытай грантын қалай жеңіп алуға болады?
Сонымен қатар, брифингте жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына қатысты сұрақ та көтерілді. Министрдің айтуынша, мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қатаң реттеледі және инфляция деңгейін ескере отырып, шамамен 10 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана өзгеруі мүмкін.
Биыл студенттердің шәкіртақысы арта ма?
Ол биыл да оқу ақысының күрт өсуіне жол берілмейтінін және барлық университеттермен кеңес жүргізілетінін атап өтті.