Астана қаласында ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 39 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, Toyota Land Cruiser автокөлігін сатып алып беретінін сылтау еткен.
Алайда ол алған міндеттемесін орындамай, алдау жолымен жәбірленушіден 20 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты заңсыз иемденген.
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Полиция азаматтарды сақ болуға, автокөлік сатып алу-сату барысында күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға және ірі қаржылық мәмілелерді тек ресми, заңды жолмен рәсімдеуге шақырды.