• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:23

Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай режимін жариялады

20 рет
көрсетілді

Шешенстанда толассыз жауған жаңбыр соңы ірі су тасқынына ұласты. Нөсерден кейін қала көшелерін су басып, кей аудандарда үйлердің ішіне дейін кірген, деп жазады Egemen.kz.

Қолайсыз ауа райы салдарынан кейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров өңір аумағында «Төтенше жағдай» режимін енгізу туралы өкімге қол қойды.

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды

Аталған елде төтенше жағдай аймағына Грозный және Аргун қалалық округтері, сондай-ақ Гудермес, Ножай-Юрт, Шали, Урус-Мартан, Курчалой, Ведено, Итум-Кали, Шарой және Шатой муниципалдық аудандары кірген.

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді

Қазір Шешенстандағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, сел жүру қаупі де туындап отыр.

Соңғы жаңалықтар