Алматы облысында Талғар қаласында ер адамды өлтіру және екі жасар қызды ұрлау оқиғасына байланысты әрекетсіздік танытты деп айыпталған учаскелік инспекторға сот үкімі шықты. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов пен Асылбек Әбдраимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот шешімімен учаскелік инспектор 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар, ол лейтенант атағынан айырылды.
Жәбірленушілер моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Сот бұл талапты ішінара қанағаттандырып, 3 миллион теңге өндіру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіру және баланы ұрлау оқиғасы тіркелді. Тергеу мәліметінше, күдікті жергілікті тұрғынды зорлап, бір ай бойы бопсалап келген. Кейін ол әйелдің ағасын өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен.
Қашу барысында күдікті баламен бірге көлікпен жардан құлаған. Қыз бала жарақат алып, оған ота жасалған.
Негізгі айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кісі өлтіру мен ұрлауға қатысқан екі жасөспірімнің әрқайсысы 9 жылдан түрмеге кесілді.
Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты
Айта кетейік, қайғылы оқиғадан бір ай бұрын жәбірленуші зорлау фактісі бойынша арыз жазған, алайда полиция тиісті шара қолданбаған. Тіпті күдікті қамаудан босатылған. Осыған байланысты Алматы облысының прокуратурасы полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты