Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экологиялық акцияға жергілікті тұрғындар мен белсенділер де қатысты. Іс-шарада бұлақ көзі тазартылып, айналасын абаттандыру, көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді. «Ақ-Ата» бұлағының арихы XVII-XVIII ғасырлардан басталады. Ал жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков алдағы уақытта өңір бойынша 1,5 мыңға жуық бұлақ көзін тазарту жоспарланып отырғанын айтты.
Бүгінде экологиялық іс-шараларға 3,8 мыңнан астам адам қатысқан. Іс-шараға жастардың қатысуына ерекше мән беріліп отыр. Бұл өз кезегінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, су ресурстарына ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты табиғат қорғау ісіне кеңінен тартуға ықпал етеді.
Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді
Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұлақтар су тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі бұлақтарды түгендеу жұмыстарын жүргізеді. Алдын ала деректер бойынша 711 бұлақ көзі анықталды, сондай-ақ мұрағат материалдары бойынша 2 772 бұлақ картасы жасалды.
Жалпы, экологиялық бастамаларды жүзеге асыру судың табиғи көздерін сақтауға, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға және су ресурстарына ұқыпты қарауға бағытталған.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады
«Мемлекет басшысының табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі бастамасы азаматтардың қолдауының арқасында Конституция деңгейінде тиісті құқықтық тұрғыда бекітілді. «Таза Қазақстан» бастамасы қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіре отырып, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Бұл – нәтижелі, жасампаз патриотизмнің айқын үлгісі. Бүгінгі таңда акция тек сенбіліктермен және ағаш отырғызумен шектелмейді. «Мөлдір бұлақ» бастамасы табиғи бұлақтар мен су айдындарын қамти отырып, аясы кеңейіп келеді. Сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесінің маңызын жалпы қоғамдық деңгейде көтеріп отыр», деді Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды
Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы биыл 23 наурызда басталды. Бірінші кезеңде тазарту және абаттандыру жұмыстары еліміздің алты өңірінде орналасқан 29 бұлақты қамтиды. Екінші кезең осы жылдың сәуір айына жоспарланған. Оның аясында бұлақ көзін ашу, су жинау, тазарту және абаттандыру, іргелес аумақтарды тазалау, қоқыстар шығару, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениеті мен су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.