• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:03

Жұмыссыз жүрген жастар қалай жұмысқа орналаса алады?

20 рет
көрсетілді

2026 жылдың басынан бері «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде елімізде жастарды жұмыспен қамту белсенді жүргізіліп жатыр. Жоба шеңберінде биыл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Аталған бағдарламаның мақсаты – жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау. Қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жастарына зор үміт артатынын айтты

Практикадан өту кезінде әрбір қатысушыға тәлімгер тағайындалады, ол кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге ықпал етеді. Жобаны қаржыландыру Еңбек ұтқырлығы орталығы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады – қатысушылардың жалақысы ай сайын екінші деңгейдегі банктерде ашылған карталық шоттарына аударылады.

2026 жылғы ақпан-наурыз айларының қорытындысы бойынша жобамен 423 адам жұмыспен қамтылды. Ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында мейіргер – 124 адам, заңгер – 66 адам, шет тілі мұғалімі – 57 адам, тәрбиеші – 47 адам және бастауыш сынып мұғалімі – 43 адам бар. Республика бойынша орташа жалақы 129,7 мың теңгені құрады.

Жаңа Конституция жобасы жастардың құқығы мен мүмкіндігін қалай өзгертпек?

Соңғы жаңалықтар