• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:42

Алматыда жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

40 рет
көрсетілді

Алматы қаласында тағы бір қайғылы жол апаты болды. Әл-Фараби даңғылында жолдан өтпек болған әйел көліктің астына түсіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, апат 25 наурызда түнгі уақытта болған.

«Mitsubishi Delica» жүргізушісі шығыс бағытта Әл-Фараби бойымен келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылысқан жерде жолдан өтіп бара жатқан әйелді соқты. Жәбірленуші сол жерде көз жұмды», деді полиция өкілдері.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 21 наурызда түнде Әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Батыс бағытта келе жатқан Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып, шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігін соқты. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы – 22 және 20 жастағы қыздар оқиға орнында қайтыс болды. Zeekr жүргізушісі аман қалды және ауруханаға жатқызылды.

Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті

Соңғы жаңалықтар