• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт Бүгін, 11:55

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

20 рет
көрсетілді

Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде ел намысын Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев қорғайды, деп жазады Egemen.kz.

Кеше Прага мұз айдынына қысқа бағдарлама бойынша Софья Самоделкина шықты. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 66.95 ұпай жинады. Нәтижесінде аралық есепте 12-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Каори Сакамото – 79.31 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба ие болды – 78.45 ұпай. Ал үшінші орынды америкалық Эмбер Гленн иеленді – 72.65 ұпай.

Әйелдер арасындағы жекелей сында еркін бағдарлама 27 наурыз күні 22:00-де басталады. 

Бүгін ерлер арасындағы бәсекеде Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Қысқа бағдарлама Қазақстан уақытымен 15:30-да басталады. 

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы мен сайты тікелей эфирде көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар