• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:43

Солтүстік Қазақстан облысы тасқын суға дайын ба?

20 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бүгін облыстағы су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден мониторинг жүргізіп, қазіргі гидрологиялық жағдайға баға берді. Көктемгі еріген қар сулары мен өзен деңгейінің өзгерісі сараланып, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мониторинг барысында Шал ақын, Ғабит Мүсірепов, Есіл, Айыртау, Ақжар, Уәлиханов және Тайынша аудандары, сондай-ақ Үлкен және Кіші Таранғұл өзен арналары, Шағалалы өзені және Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасы қамтылды.

Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, Үлкен Таранғұл көлінде ылғал қоры өткен жылмен салыстырғанда шамамен 74%-ға азайған. Есіл ауданында қар қорының қарқынды азаюы байқалып отыр. Қалған аудандарда тәуекелдер жергілікті сипатта, еріген қар сулары мен мұздың әлсіреуіне байланысты. Шағалалы өзенінде су деңгейі аздап көтерілді, бірақ өткен жылмен салыстырғанда төмен, мұз жамылғысы біртіндеп босаңсып келеді.

Су ресурстары және ирригация министрлігімен, сондай-ақ «Қазсушар» РМК Ақмола филиалымен бірлесіп қабылданған шешімге сәйкес, 28 ақпаннан бастап Сілеті су қоймасынан суды алдын ала жіберу басталды, бұл су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Мамандар болжамынша, 25 наурыздан бастап ауа температурасының көтерілуіне байланысты көктемгі үдерістердің белсенді кезеңі басталады. Барлық жауапты қызметтер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Арқалықта су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Соңғы жаңалықтар