• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:54

Еліміздегі екі әуежай әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді

20 рет
көрсетілді

Астана және Алматы әуежайлары әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына кірді. Бұл туралы AirlineRatings халықаралық порталының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейтинг әлемнің түкпір-түкпірінен келген жолаушылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде, 2025-2026 жылдарға арналған жаһандық зерттеу қорытындысы бойынша жасалған.

Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Тізімде бірінші орынды Сингапурдағы Changi Airport иеленді. Бұл әуежай осындай атақты 14-рет алып отыр.

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Ал Қазақстанның екі ірі қаласының әуежайлары – Астана мен Алматы рейтингте бір-біріне жақын орналасқан. Олардың арасында тағы екі халықаралық әуежай бар.

Айта кетерлігі, қазақстандық әуежайлар Лиссабон, Анкара және Барселона сияқты ірі қалалардың әуежайларын басып озған.

Бұл рейтингке әлемнің ең ірі әрі маңызды әуе айлақтары кірген, ал тізімнің соңында Португалиядағы халықаралық әуежайлардың бірі орналасқан.

Астанада екінші әуежай қашан салынады?

Соңғы жаңалықтар