Елімізде азаматтар өз құжаттарындағы ұлтын тегін өзгерте алады. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мәлімдеді. Яғни, ұлтты өзгерту үшін арнайы мемлекеттік баж салығы алынбайды. Тек жаңа құжаттарды рәсімдеу үшін ғана төлем жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеке куәлік пен паспорттағы «ұлты» деген баған тек адамның өз қалауымен толтырылады. Бұл мәлімет азаматтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді.
Алғашқыда ұлт ата-анасының деректері негізінде жазылады. Егер ата-ананың ұлты әртүрлі болса, азамат әкесінің немесе анасының ұлтын таңдауға құқылы. Кейін тек сол екі нұсқаның біріне ғана өзгертуге болады.
Саяси қуғын-сүргін кезінде Қазақстанға күштеп көшірілген адамдар үшін ерекше тәртіп қарастырылған. Олар ұлтын өзгерту үшін ақталу туралы құжат немесе сот шешімін ұсынуы керек.
Енді көліктің техникалық паспортын Kaspi.kz арқылы ауыстыруға боладыҰлтын өзгерту үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жазбаша өтініш беру қажет. Өтінішке туу туралы куәлік, қажет болса қосымша құжаттар тіркеледі. Қарау мерзімі – шамамен 2 жұмыс күні.
Ұлтты өзгерту тегін болғанымен, жаңа құжат алу үшін төлем төленеді:
Паспорт (36 бет) – шамамен 8 АЕК (≈ 34–35 мың теңге) Паспорт (48 бет) – шамамен 12 АЕК (≈ 51–52 мың теңге) Жеке куәлік – шамамен 0,2 АЕК (≈ 865 теңге)Егер құжат басқа себеппен (мерзімі өту, аты-жөні өзгеру) ауыстырылса, төлем бөлек алынады.