• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 10:19

Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирде ширек финалға шықты

10 рет
көрсетілді

Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1/8 финалда ол аустралиялық Талия Гибсонға (WTA рейтингінде 68-орын) қарсы ойнады. Матч 1 сағатқа жуық уақытқа созылып, Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі кезеңде біздің спортшы америкалық Джессика Пегулаға (5-орын) қарсы ойнайды. Джессика өз кезегінде румыниялық Жаклин Кристианды (36-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын. Кездесу 25 наурызға жоспарланған.

Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді

Айта кетейік, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы матчында қазақстандық Юлия Путинцеваны (75-орын) 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Одан кейін украиналық Марта Костюкті (28-орын)  6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры шамамен 18,8 млн долларды (9 млрд теңгеден астам) құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен ойыншылар 1,15 млн доллардан аса сыйақы алады.

Қазіргі турнирдің чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенко.

Соңғы жаңалықтар