• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 07:05

Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады

40 рет
көрсетілді

Мұқым мұсылманның ұлық айы Рамазан аяқталып, айт мейрамы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осынау күнмен барша ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент ораза ұстау – тек діни парыз ғана емес, адамның ішкі жан дүниесін кемелдендіретін үлкен мектеп екенін жеткізді.

«Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады», деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев ата дәстүр мен асыл діннің ел бірлігін нығайтудағы рөліне де назар аударды.

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Биылғы Ораза айттың Наурыз мерекесімен қатар келуінің символдық мәні ерекше екені де айтылды. Президент бұл жағдайды ел дамуының жаңа тарихи кезеңімен сабақтастырды.

«Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты», деді Мемлекет басшысы.

Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?

Соңғы жаңалықтар