• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:03

Қуандық топтан қара үзді

10 рет
көрсетілді

Семей қаласында «Наурызнама» онкүндігі аясында әйгілі жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр – Жамбыл» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Қалалық мәдениет сарайында өткен сөз барымтағы өңірдегі айтыс өнерінің кең өрісін тағы бір мәрте көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің бастамасымен ұйымдастырылған дүбірлі додаға өңірдің аудан-қалаларынан 10 айтыскер қатысып, екі айналым бойынша бақ сынасты. Қуаныш Еркінұлы, Жасұлан Мақаев, Мирас Сламшайықұлы, Қуандық Кенжебекұлы, Манарбек Сатыбалды, Айбек Жеңісқазин, Фархат Маратұлы, Ерасыл Сәрсенбаев, Ерәділ Ереже, Әлішер Қыдырбекұлы сынды жас және тәжірибелі ақындар сахна төрінде суырыпсалма сайыстың көрігін қыздырды.

Айтыстың әділ бағасын берген қазылар құрамында Халықтық ақындар орталығының жетекшісі, ақын Дәметкен Омарбаева, айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Абай облыстық филиалының төрағасы, ақын Дәулет Сметов, белгілі айтыскер, әдебиеттанушы Қарлығаш Әубәкірова, Қайрат Сабырбаев, Ұлан Сағадиев болды.

Сөз сайсының бас жүлдесы – (1 млн теңге) семейлік айтыскер Қуандық Кенжебекұлына бұйырды. І орынды Айбек Жеңісқазин, ІІ орынды Манарбек Сатыбалды, ІІІ орынды Жасұлан Мақаев иеленді.

Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты

Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Дәметкен Омарбаева айтыс деңгейіне жоғары баға беріп, бұл жолғы додада ақындардың дайындықпен келгенін жеткізді.

«Бұл жолғы айтысқа қатысқан ақындардың дайындығы жақсы болды. Тақырыпты игеруде, сөз саптауда жинақылық пен ой тереңдігі байқалды. Айтыс жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айтуға болады. Әсіресе жас ақындардың аяқ алысы жақсы. Бұл – өңірдегі ақындық мектептің әлдеқашан қалыптасқанын, дәстүрдің үзілмей жалғасып келе жатқанын көрсетеді», дейді айтыстың абыз анасы.

Ал Айтыскер ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Абай облыстық филиалының төрағасы Дәулет Сметов те байқаудың ұйымдастырылуына назар аударды.

«Соңғы жылдары облыстық деңгейдегі айтыстарға мұндай көлемде қаржы бөлінуі болмаған. Бұл жолғы жүлде қорының қомақты болуы бәсекені күшейтті. Ақындар да соған сай жауапкершілікпен келіп, тартысты айтыс көрсетті. Осындай нақты қолдау болса, айтыс өнерінің өрісі кеңейіп, жаңа есімдер шығары сөзсіз. Сондықтан бұл бастама жалғасып, дәстүрге айналуы тиіс», дейді Дәулет Сметов.

Мәдени іс-шара соңында қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жеңімпаздарды құттықтап, келесі жылы облыстық айтыстың ауқымын кеңейтіп, бас жүлдеге автокөлік тігу мүмкін екенін айтты.

Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді

Семей 

Соңғы жаңалықтар