• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:38

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

0 рет
көрсетілді

FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл шешім Таяу Шығыс өңіріндегі тұрақсыз жағдайдың сақталуына және қолданыстағы шектеулерге байланысты қабылданды.

«Бұған дейін әуекомпания осы бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлады. Қазіргі жағдайда рейстерді орындау мүмкін емес, осыған байланысты тоқтату мерзімі ұзартылды. Барлық шешім ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданады», делінген хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, күші жойылған рейстер жолаушыларына билетті сатып алған жері бойынша кейінгі күндерге тегін қайта брондау немесе айыппұлсыз толық қайтару мүмкіндігі ұсынылады.

Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті

«Әуебилеттерді FlyArystan ресми сайтында немесе мобильді қолданбада сатып алған жолаушылар брондауды онлайн түрде басқара алады. Ал қалған жолаушылар өздерінің туроператорына немесе туристік агенттігіне жүгінуі қажет», деп хабарлады FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар