Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Аустрия Үкіметі арасындағы маңызды құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.