Нормативтік базаны жаңа Конституцияға сәйкес келтіру үшін мемлекеттің институционалдық негізін трансформациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сарсембаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министр реформаның негізіне «адамға бағдарланған» тәсіл алынғанын айтты. Ол қоғам мен мемлекеттің өзара қатынасын сапа тұрғысынан жаңа Халықтық модель бойынша қалыптастырады. Бүгінде Президенттің Конституцияны жүзеге асыру туралы Жарлығында Президент пен Үкіметтің заңнамалық бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларының тізбесі анықталған.
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады
Негізгі заңнамалық өзгерістер:
Қолсұғылмаушылық кепілдіктерін нығайту: «Миранда ережесін» Конституция деңгейінде бекіту. Ұсталған адамға оның құқы жүріп-тұру бостандығына нақты шектеу салынған кезден-ақ дереу хабардар етілуі керек.
Тұрғын үйді қорғау: соттың шешімінсіз тұрғын үйден өз еркімен айыруға ғана емес, мәжбүрлі түрде шығаруға да тыйым салу. Бұл норма тұрғын үй және іс жүргізу кодекстерін түзетуді талап етеді.
Цифрлық құқықтар: цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғауды күшейту және процессуалдық әрекеттер кезінде жеке өмір кепілдіктерін кеңейту.
Құрылымдық негіздерді қорғау: аумақтық тұтастық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық бұзушылықтардың әкімшілік және қылмыстық құрамдарын түзету.
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі
«Жарлықты іске асыру мақсатында депутаттар корпусымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды.
Олар:
«ҚР Президенті туралы»;
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы»;
«ҚР астанасының мәртебесі туралы»;
«ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы».
Сондай-ақ 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға түзетулер енгізу қажет. Жоспар шеңберінде қазір Парламенттің қарауындағы заң жобаларында Конституцияның жекелеген новеллаларын жүзеге асыру мүмкіндігі тұрғысынан ревизия жүргізу көзделеді», деді Ерлан Сарсембаев.
Өнеркәсіптік алпауыттар қалай бақыланады? Министрлік автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізбек