Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық референдум комиссиялары ұсынған хаттамалары негізінде Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, референдумға қатысу құқығы бар – 12 482 613 азаматтың 9 127 192-сі 15 наурыз күні өз таңдауын жасаған.
Жаңа Ата заң жобасын жақтап – 7 954 667 адам, яғни 87,15%-ы дауыс берген. Ал референдумға шығарылған мәселеде 898 099 адам «жоқ» жауабын таңдаған.
Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Ал 146 558 бюллетень жарамсыз деп танылған.
«Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Сіз жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ бойынша референдум өтті деп есептелсін. Республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептелсiн, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кемінде үштен екiсiнде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады», делінген Орталық референдум комиссиясы таратқан хабарламада.
Мьянма бақылаушысы: Қазақстандағы референдум тәжірибесі – басқа елдерге үлгі