• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:33

Елдегі су қоймалары тасқын суға дайын ба?

10 рет
көрсетілді

Еліміздің бірқатар өңірінде көктемгі тасқынға дайындық аясында су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тасқын суын қабылдап, қауіпсіз өткізу үшін солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердегі ірі су қоймаларынан реттелген көлемде су жіберіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

16 наурыздағы жағдай бойынша, Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 текше метр, ал Шағалалы су қоймасынан секундына 1,16 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысында Ақтөбе су қоймасынан секундына 1 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 0,3 текше метр су ағызылып жатыр. Қазіргі уақытта бұл екі нысанның толу деңгейі орта есеппен 36% шамасында.

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысында су жіберу көлемі айтарлықтай жоғары. Бұқтырма су қоймасынан секундына 552 текше метр, Өскемен су қоймасынан секундына 421 текше метр су жіберіліп жатыр. Ал Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 651 текше метр су ағызылып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында да тасқын суды реттеу шаралары жүргізілуде. Киров су қоймасынан секундына 5 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 14 текше метр, ал Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 2 текше метрден су жіберіліп отыр.

Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 3 текше метр, Самарқанд су қоймасынан да секундына 3 текше метр су ағызылып жатыр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метр су жіберіліп отыр.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 15,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан секундына 13,9 текше метр су ағызылып жатыр.

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар