• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 15:58

Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді

10 рет
көрсетілді

Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.

Референдум учаскелерінің 18 жасқа жаңа толып бүгін бірінші рет дауыс берген жастарға, ерте тұрып елден бұрын келген азаматтарға, туған күн иелеріне шағын сый-сияпат көрсетіп жатқаны да көңілге қуаныш ұялатқандай.

Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты

Мысалы, бүгін №3 референдум учаскесіне келген Қостанай қаласының тұрғыны Борангүл Жүсіпова өз туған күнінде дауыс беріп, шағын сыйлыққа ие болды. Бүгін 69 жасқа келген зейнеткер әлі еңбектен қол үзген жоқ. Облыс орталығындағы №2 емханада кіші санитар болып жұмыс істейді.

«Үш балам, үш немерем бар. Дәл менің туған күнімде бүкіл ел болып жаңа Конституция жобасын қабылдау жөнінде таңдау жасап жатқанын жақсы ырымға жорып отырмын. Бүгін таңдау жасап жатқан әр адамның даусы ел болашағы үшін маңызды деп санаймын», дейді туған күн иесі.

Қостанай облысы

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

Соңғы жаңалықтар