• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 03:51

Референдум: Қазақстан азаматы Сеулде алғашқылардың бірі болып дауыс берді

40 рет
көрсетілді

Сеулдегі учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ернар Сарсенбаев шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

Сеул мен Токиодағы референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс бере бастады

«Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді», деді ол.

Бұған дейін Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар