• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 14:21

Атырауда есірткі тұтынған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды

0 рет
көрсетілді

Атырауда есірткіні медициналық мақсатта емес тұтынған ер адам көшеден ұсталған. Сот бірнеше рет құқық бұзушылық жасаған кінәліні 30 тәулікке қамауға шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 440-1-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) және 434-бабының 2-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылған.

«2026 жылғы 8 наурызда азамат К.  Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында ұсталып, тексеру барысында оның медициналық емес мақсатта есірткі заттарын, атап айтқанда, «PVP» (альфа пирролидинопентиофенон), «ТРМ» (метаболиты тропикамида) қолданғаны анықталған. Сондай-ақ, К. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, Атырау облыстық ауруханасында былапыт сөзбен айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған», деп хабарлады аталған соттан.

Құқық бұзушы К.-нің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сауал қою хаттамаларымен, медициналық куәландыру қорытындысымен, бейнежазбалармен толық дәлелденді.

Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды

Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылды. Құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының мінез-құлқы ескеріліп, оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар