• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:52

Жалған ақпараттар тарауы мүмкін: Министрлік референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады

10 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешов мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесетінін ескертті.

«Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру. Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін. Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған», деді Шыңғыс Алекешов.

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

ІІМ азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақыратынын мәлімдеді.

«Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер, оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады. Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады. Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер», деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Соңғы жаңалықтар