• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 12:13

Орталық референдум комиссиясы үгіт жұмыстарының қашан аяқталатынын мәлімдеді

20 рет
көрсетілді

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

«Ертең сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурызда және дауыс беру күні − 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұл талаптар заңнамамен белгіленген және электоралдық үдерістің барлық қатысушылары үшін міндетті», деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды

Ләззат Сүйіндік қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу ережелеріне жекелей тоқталды.

«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабына сәйкес, мұндай сауал салулар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

Атап айтқанда, аталған заңның 28-бабының 9-тармағы дауыс беру күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні тікелей қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын-ала  қорытындылары және референдуммен байланысты басқа да зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға тыйым салады.

«Заң сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге нақты талаптарды белгілейді. Олар дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте өткізілмейді. Мұндай сауалдар тек учаскелік комиссиясының шыға берісінде және тиісті түрде Орталық референдум комиссиясын хабардар еткен заңды тұлғалар жүргізе алады», деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді

Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Соңғы жаңалықтар