Елімізде осы жылдың алғашқы екі айында жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзу деректері азайған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткіш жолдағы тәртіптің күрт жақсарғанын білдірмеуі мүмкін екенін айтады. Мамандардың пікірінше, статистикадағы өзгеріске автоматты бейнебақылау жүйелерінің қолданылу деңгейі әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйенсек, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында ел бойынша көлік және жол шаруашылығы саласында шамамен 1,95 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға аз. Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары саладағы статистиканың төмендеуі сирек құбылысқа айналған. Себебі бұған дейінгі статистика керісінше тұрақты өсімді көрсетіп келген.
Мысалы, 2024 жылмен салыстырғанда өткен жылы автоматты түрде тіркелген құқық бұзушылықтар саны 52 пайызға, ал одан бір жыл бұрын 49 пайызға артқан. Жалпы алғанда, жыл сайын тіркелетін жол ережесін бұзудың орташа өсімі шамамен 21 пайызды құраған.
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Сарапшылар жол ережесін бұзу деректерінің өсуіне автоматты фото және бейнебақылау жүйелерінің кеңінен енгізілуі әсер еткенін айтып отыр.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жол камералары 11,1 миллионға жуық құқық бұзушылықты тіркеген. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 85 пайызға жоғары.
Десе де биылғы статистикада кейбір баптар бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар күрт төмендегені байқалып отыр.
Мәселен:
• жол белгілері мен жол таңбасының талаптарын сақтамау (ӘҚБтК 601-бабы) деректері шамамен үш есеге азайған;
• тыйым салынған бағдаршам белгісінен өту (599-бап) фактілері екі есеге төмендеген.
Мамандар мұны да автоматты бейнефиксация жүйелерінің қолданылуымен байланыстырады. Себебі осы екі бап бойынша құқық бұзушылықтардың төрттен үш бөлігі камералар арқылы анықталады. Айта кетерлігі, өткен жылдың дәл осы кезеңінде мұндай бұзушылықтар керісінше тек өсім көрсетіп отырған.
12 наурыздан бастап камералар арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтар көбейеді2026 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстанда құқық бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енеді.
Түркістан облысында 13 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Бұл өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң негізінде енгізілген.
Жаңартылған нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына қатысты. Бұл бап автоматты режимде анықталған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік тәртібін реттейді.
Бұған дейінгі заң редакциясы бойынша, автоматты түрде тіркелген құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының иесі немесе иеленушісі жауапқа тартылатын.
Сондықтан автоматты камералар негізінен жол ережесіне қатысты өлшенетін бұзушылықтарды ғана тіркейтін. Олардың қатарында:
• жылдамдықты асыру;
• бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту;
• жол таңбасын елемеу секілді жағдайлар болды.
Жаңа редакция: Құқық бұзушының өзі жауап береді12 наурыздан бастап баптың жаңа редакциясы күшіне енеді. Енді әкімшілік құқық бұзушылық цифрлық жүйелер арқылы анықталған жағдайда жауапкершілік тікелей құқық бұзушылықты жасаған тұлғаға жүктеледі.
Бұл үшін деректер Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімімен интеграцияланған цифрлық жүйелер арқылы өңделеді.
Ішкі істер министрлігі қазіргі уақытта техникалық жүйелер тек көлік құралдарының жол қозғалысы ережесін бұзу жағдайын анықтауға арналғанын мәлімдеді.
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Яғни жаңа нормалар бірден барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркемейді.
Камералар анықтайтын бұзушылықтар тізімі кеңейедіЗаңдағы өзгерістер негізінен камералардың техникалық мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Бұған дейін автоматты жүйелер алты негізгі құқық бұзушылықты анықтай алатын:
• жылдамдықты асыру;
• бағдаршамның қызыл түсінен өту;
• жол белгілері мен таңбасын сақтамау;
• көлікті дұрыс тоқтатпау немесе тұраққа қоймау;
• озу және жолақта орналасу ережесін бұзу;
• жаяу жүргіншілерге жол бермеу.
Енді камералар:
• қауіпсіздік белдігін тақпау;
• көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу ережесін бұзғандарды ды анықтауға қауқарлы.
Құжаттарға қатысты заңбұзушылықтар да автоматты түрде анықталуы мүмкінСарапшылардың айтуынша, жүйелер Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімімен интеграциялану арқылы құжаттарға қатысты кейбір құқық бұзушылықтарды да автоматты түрде анықтай алады.
Бұл қатарда:
• техникалық байқаудың мерзімі өтіп кеткен жағдайда;
• сақтандыру полисі болмаған кезде;
• қару сақтау рұқсатының мерзімі өту сынды жағдайлар бар.