Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданының полиция қызметкерлері УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көліктен 14 киіктің ұшасы мен аңшы мылтығы табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара кезінде браконьерлік әрекеттің жолын кесті. Тәртіп сақшылары далалық аумақта күмән тудырған УАЗ автокөлігін байқап, тоқтатпақ болған. Аз ғана қудалаудан кейін көлікті тоқтатты. Көліктің жүк бөлігінен мотоцикл мен 14 киіктің (ақбөкеннің) ұшасы табылды. Кейін автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі мен пышақтар тәркіленді», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бір қондырғысында жоспарланған жөндеу басталды
Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.
Атырауда тікелей эфирде қызды аяусыз ұрған жігіт ұсталды