• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:57

Елдегі электр өндірісі 126 млрд кВт/сағ-қа дейін ұлғаяды

10 рет
көрсетілді

Елімізде электр энергиясын өндіру көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі генерация көлемі 123,1 млрд кВт/сағ-қа жетіп, жоспарланған көрсеткіштен 4,4 пайызға жоғары болды. Бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін аңғартады, деп жазады Egemen.kz.

Салыстырмалы түрде қарасақ, 2019 жылы Қазақстанда 106 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілген еді. Соңғы алты жылда бұл көрсеткіш 16 пайызға артты. Мұндай өсім энергетика саласының жоспарлы дамуын және жаңа қуат көздерінің іске қосылып жатқанын көрсетеді.

Жасыл энергияның жәрдемі

2025 жылғы оң нәтижелер бірқатар жаңа жобаның жүзеге асуымен байланысты. Атап айтқанда, Текелі энергия кешені мен Топар ГРЭС-індегі нысандар пайдалануға беріліп, жалпы қуаты 166 МВт болатын дәстүрлі генерация көздері іске қосылды.

2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергия тапшы елдер қатарынан шығады

Энергетика саласындағы даму қарқыны алдағы жылдары да жалғасын табады. 2026 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 126,5 млрд кВт/сағ-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өсім негізінен жалпы қуаты 2,4 мың МВт болатын жаңа нысандарды пайдалануға беру есебінен қамтамасыз етіледі.

Жылдың негізгі жобалары қатарында Қызылордадағы 240 МВт бу-газ қондырғысын және Түркістандағы 1000 МВт қуаттағы осындай стансаны іске қосу бар. Сонымен қатар Алматыдағы 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл екі нысанның жиынтық қуаты 1100 МВт-тан асады. Бұған қоса Атырау мен Текелідегі энергия көздерінің қуатын кеңейту жоспарланған.

Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек

Мамандардың айтуынша, жаңа жобалардың жүзеге асуы елдің электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар