• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:48

Теміртауда майнинг арқылы 185 млн теңге табыс тапқан азамат сотталды

10 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының тұрғыны Ресейден әкелінген майнинг жабдықтары арқылы 185 млн теңге табыс тапқан, алайда заңсыз әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтық қаржылық бақылау және мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, Қарағанды облысы, Теміртау қаласында сандық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша үкім шығарылды.

Сотталған Толовов Э. Г. 2021 жылғы тамыздан бастап қажетті лицензиясыз жасырын майнинг фермасын ұйымдастырған. Ол Ресейден 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, өзінің өндірістік базасында орнатқан.

АҚШ инвесторы Қарағандыдағы ірі кен орындарын игеруге 1,1 млрд доллар құймақ

Толовов жасалған сандық активтерді криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін BinancePool және Litecoinpool.org майнинг пулдары арқылы өткізген. Сауда P2P аударымдары арқылы USDT криптовалютасын теңгеге айырбастау жолымен жүзеге асырылған.

Бірнеше қалада заңсыз майнинг фермалары әшкереленді

Ол жалпы 11,2 BTC және 90,2 LTC сандық активін өндіріп, шамамен 185 млн теңге табыс тапқан.

Соңғы жаңалықтар