Отандасымыз, теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Open 2026 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Турнирдің 1/8 финалында Елена Рыбакина Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесті. Қазақстан теннисшісі алғашқы сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте 4:3 есебімен алда келе жатқан сәтте британиялық спортшы кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Елена Рыбакина Indian Wells Open – 2026 турнирінің ширек финалисі атанды, ал оның қарсыласы жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Еске сала кетейік, бұған дейін турнир барысында Елена Рыбакина америкалық теннисші Хейли Баптистті 7:6, 2:6, 6:2 есебімен, сондай-ақ украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Елена Рыбакинаның 20 жетістігі
Биыл Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 1 511 380 доллар сыйақы алып, рейтингіне 1000 ұпай қосады.