• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 08:08

Қазақстан энергетиктері жаңа Конституция жобасын қолдайды

0 рет
көрсетілді

Астана қаласында Қазақстан Электроэнергетикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасына арналған алқалы жиын өтті. Іс-шараға энергетикалық компаниялардың қызметкерлері, кәсіподақ өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. Басқосуда тек заңнамалық түзетулер емес, еңбек адамының үні мен экологиялық өркендеу мемлекеттік басымдыққа айналатын жаңа қоғамдық модельдің іргетасы талқыланды.

Адам капиталы – басты құндылық

Бүгінде Қазақстанның энергетика саласы – 100 мыңнан астам адам еңбек ететін алпауыт өндірістік кешен. Талқылау 1-МАЭС пен «Алматы электр стансаларынан» бастап, «Атырау Жарық» пен «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының» еншілес компанияларына дейінгі еліміздің барлық өңіріндегі ірі кәсіпорын ұжымдарын біріктірді. Кез­де­суге еліміздің әр аймағындағы энер­ге­­тикалық кәсіпорындардың ұжым­дары бейнебайланыс арқылы қосылды.

Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов: «Жаңа Конституция жобасында алғаш рет жоғары эколо­гия­лық мәдениетті қалыптастыру мем­лекеттің іргелі қағидаты ретінде бекі­тілді. Қоршаған ортаны қорғау мәсе­ле­сі адам құқықтарын қорғаумен тең деңгейге көтерілді. Құжатта жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ өзге де табиғи ресурс-тар халыққа тиесілі екені тайға таңба басқандай жазылған. Бұл жай ғана сөз емес – бәрімізге жүктелген жауап­кершілік пен ортақ бағдар», деп атап өтті.

Мәжіліс депутаты Вера Ким өз сөзінде реформаның гуманитарлық бағыттарына назар аударды. «Құжатта басты назар адамға бағытталған. Адам – еліміздің ең басты құндылығы. Қазіргі таңда негізгі басымдық адам капиталын дамытуға, білім мен ғылымға, жаңа технологиялар мен цифрландыруды ілгерілетуге беріліп отыр. Біз үшін адам – мемлекетіміздің ең үлкен байлығы», деді депутат.

Жиында Қазақстан Электроэнер­ге­тикалық қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Бағдат Орал энер­гетиктердің азаматтық ұстанымын білдірді. «Жаңа Негізгі заң жобасы – мем­лекет дамуының болашақ бағытын ай­қындайтын тарихи құжат. Біз энергетиктер ретінде де, ел азаматы ретінде де бұл бастаманы қолдаймыз және елде жү­зеге асып жатқан өзгерістердің маңы­зын жақсы түсінеміз», деді ол. 

Еңбек адамының конституциялық мәртебесі

Кездесу барысында қатысушылар ерекше қолдаған жаңалықтардың бірі Конституцияда еңбек адамының мәрте­бесін бекіту болды. Тарихта алғаш рет еңбек­қорлық пен кәсібилік құнды­лық­тары мемлекеттік дамудың негізгі қағидаттарының қатарына енгізіліп отыр.

Қазақстан Электроэнергетикалық қауымдастығы басқарма төрағасы Талғат Темірханов бұл өзгерістердің әлеуметтік әділеттілік тұрғысындағы маңызын атап өтті. «Еңбек адамы, жұмысшы маман­­дықтарының өкілдері мемлекет құн­ды­лықтарының негізгі деңгейіне көте­рі­­ліп отыр. Конституция жобасында еңбекқорлық құндылығы мемлекеттік даму­дың басты қағидаттарының бірі ретінде бекітілген. Бұл еңбек, кәсібилік және жасампаздық қызметтің конститу­ция­лық деңгейде мойындалып, құрмет­те­летінін білдіреді», деді ол.

Бұл пікірді өндіріс алаңдарындағы мамандар да қолдады. «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр желілерін таратушы компаниясының бас инженері Нұржан Жұмабаевтың айтуынша, жаңартылған заң әділдікке деген сенімді нығайтады.

«Конституция – жай ғана заңдар жиынтығы емес, құжатта қарапайым ха­лық­тың мүддесіне, құқықтарын қорғау­ға және күнделікті өміріне баса назар аударылған. Бұрын шешімдерді тек билік құрылымдары қабылдаса, енді маңызды мәселелерді халық мемлекетпен бірлесіп шешетіні біз үшін өте маңызды. Соны­мен қатар Конституцияның ха­лық­аралық шарттардан басымдығы біздің тәуел­сіздігімізді айқындап, қазақ­стан­дық­тардың мүддесін бірінші орынға қояды», деп атап өтті компания қызмет­кері.

Экологиялық жауапкершілік

Энергетика саласы үшін экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері өндірістік қызметпен тікелей байланысты. Жаңа Конституция жобасында жер қойнауының халыққа тиесілі екені айқын көрсетіліп, ұлттық байлыққа деген жауапкершіліктің жаңа көзқарасы қалыптасады.

Осы тақырыпты жалғастырған «Орта­лық-Азия Электроэнергетикалық Корпо­рациясы» АҚ қызметкері Шолпан Елубаева бұл нормалардың салалық деңгейде іске асырылуына тоқталды.

«Конституция жобасындағы 37-бап әр азаматтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын бекітеді. Бұл мем­лекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді. «ОАЭК» тобы қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған табиғатты қорғау шараларын қазірдің өзінде жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар Энергетика министрлігі және Қазақстан Электро­энергетикалық Қауым­дас­тығымен жүргізілген диалог аясында біз Ұлттық жаңғырту жобасына көмір гене­рациясын декарбонизациялау стратегиясын енгізуді ұсындық. Бұл – төмен көміртекті экономикаға жасалған нақты қадам және ол енді конституция-лық тірекке ие болады», деп атап өтті спикер.

Таңдау жасайтын уақыт

Қазақстан энергетиктері өз ұстаны-мын айқын білдірді. Негізгі заңдағы жаңартылған нормалар – заман талабына берілген жауап. Олар тек өндірістік міндеттерді шешуге емес, сонымен қатар ұлттық  ауқымдағы стра­тегиялық мақ­сат­тар­ға қол жеткізуге және әр азаматтың өмір сапасын артты­руға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар әріптестерін аза­маттық белсенділік танытып, 15 нау-рыз күні өтетін жалпыхалықтық дауыс беруге қатысуға шақырды. Өйткені бүгінгі әрбір дауыс – ортақ үйіміздің жарқын әрі тұрақты болашағына қосылған үлес.

Соңғы жаңалықтар