• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:12

Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Egemen.kz.

Ертең түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 25-30°С аязға дейін болжанып отыр.

Ал Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы 20-25°С аязға дейін төмендейді.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында күн райы 15-20°С аязға дейін суытады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы 7-20°С аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Сондай-ақ Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында да түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі

Соңғы жаңалықтар