• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:56

Щучинсктегі өрт: Ауруханада ауыр халде жатқан тағы 2 адам қайтыс болды

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан көз жұмғандар саны артты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, ауыр халде жатқан 2 науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, 8 наурыз күні «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде жатқан науқас көз жұмса, 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола көпсалалы облыстық ауруханасында ем алып жатқан әйел қайтыс болған. Осылайша, Щучинскідегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті.

Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында газ жарылып, кейін өрт шыққан. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, мекеме иесін ұстады. Тергеу жүргізу үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды.

Щучинсктегі жарылыстан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті

Билік өкілдері қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Зардап шеккендердің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағаланған.

Соңғы жаңалықтар