• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді

2026 жылғы 6 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақтөбе облысы:

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтак кенті – Қостанай облысының шекарасы);

«Ақтөбе – РФ шекарасы» автожолының 39-136 шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов елді мекені – Әлімбет ө/п);

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1153 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы).

Қостанай облысы

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 914 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

 6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Соңғы жаңалықтар