Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады Egemen.kz.
Әйелдердің жасы бойынша үлесі:
0-15 жас – 29,1%; 16-60 жас – 55,5%; 61 жастан жоғары – 15,4%.Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:
Алматы қаласы – 1,2 млн; Түркістан облысы – 1 млн; Астана қаласы – 803,5 мың; Алматы облысы – 778,5 мың.Айта кетейік, еліміздегі әйелдердің орташа жасы – 34,1.
8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды
Ал еліміздегі әйелдердің – 48%-ы, яғни 4,4 млн әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 35-44 жас аралығында жұмыс істейтін әйелдер саны басым. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%.
8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?
Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:
Білім – 20%; Сауда – 19%; Денсаулық сақтау – 10%; Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%.