Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік өңірлерде бұрқасын соғып, көріну деңгейі шектеледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман күтіледі. Десе де, күндізгі ауа температурасының біртіндеп көтерілуі байқалады.
Астанада күн райы құбылмалы. Түнде қар жауса, күндіз аздаған жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде – -6...-8°С, күндіз – -1...-3°С.
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Алматыда қар аралас жауын-шашын болады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде – -1...+1°С, күндіз – +3...+5°С.
Шымкентте күн бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +11°С-қа дейін көтеріледі.