• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 20:42

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

10 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.   Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына қатысты ресми мәлімдеме жариялаған еді.    Сонымен қатар, Дрон шабуылының салдарынан ғимараттарға зақым келіп, екі бейбіт тұрғын жарақат алған.  
Соңғы жаңалықтар