• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 19:42

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

0 рет
көрсетілді

Түркия мүмкін болған жағдай Ираннан келетін 90 мың мигранттарды қабылдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Ведомство АҚШ, Израиль және Иран арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты әрекет етудің үш жоспарын қарастырып жатыр.

Бірінші нұсқа – мигранттарды Иран аумағында ұстап тұру. Екінші нұсқа – адамдардың қозғалысын бақылау үшін шекарада буферлік аймақтар құру. Үшінші нұсқа – адамдарды Түркия аумағына өткізіп, кейін оларды биліктің бақылауымен орналастыру.

Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта шекарадағы жағдай тыныш. Шекара арқылы өтетін қозғалыс қалыпты деңгейде сақталып отыр, ал өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп, көлік жиналуы байқалмайды.

Айта кетейік, бұған дейінАлматы халықаралық әуежайына Flight 251 эвакуациялық рейсі қонып, 167 Қазақстан азаматын елге оралғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар